Павлодар облысында әйел екі баласымен бірге қайғылы жағдайда қаза тапты
Ертіс өзенінен құтқарушылар 1980 жылы туған ананың, сондай-ақ оның 6 және 9 жастағы екі баласының денесін алып шықты
Әйел басқарған жеңіл көлік ішінде екі баламен бірге Ертіске батып кетті, көліктегілердің барлығы мерт болды, деп хабарлайды Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«25 тамыз күні сағат 22:53-те Павлодарское ауылында Ертіс өзенінен құтқарушылар 1980 жылы туған ананың, сондай-ақ оның 6 және 9 жастағы екі баласының денесін алып шықты. Олар отырған жеңіл көлік 21:40-та өзенге түсіп кеткен», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 5 адам және 2 техника жұмыс істеді.