Halyq Uni логотип
×

Астанада бірнеше көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет

 Динара Амантай 26.08.2023 | 17:05
Астанада бірнеше көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: Halyq Uni

Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатқанына байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша жабылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол төсемін жөндеу Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 26-27 тамыз аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

26-31 тамыз аралығында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда да жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, орташа жөндеу 26-31 тамыз күндері Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықтағы Түркістан көшесі жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама