Halyq Uni логотип
×

Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстан тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді

Бұл шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр

 Динара Амантай 26.08.2023 | 14:26
Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстан тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Бұл шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр. Мемлекеттер басшыларының назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтыратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық туғызатынын атап өтті.

Шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама