Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астананың Бас мешітіне барды

Динара Амантай

Бас мүфти екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келгенін хабарлаған болатынбыз.