Halyq Uni логотип
×

Жаңбыр, найзағай, дауыл: синоптиктер 26 тамыздағы ауа райын болжады

Солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін

 Халық үні 25.08.2023 | 21:48
Жаңбыр, найзағай, дауыл: синоптиктер 26 тамыздағы ауа райын болжады
фото: sputnik.kz

Қазгидромет 26 тамыздағы ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл көтерідуі мүмкін.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, - делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама