Қазақстандық 54 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Көші-қон қызметі хабарлағандай, шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған. Олардың заңсыз жүргені «Учаске» іс-шарасы барысында анықталды.
Бір аптаның ішінде 216 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 38 алыс шетел азаматы (Африка құрлығы елдерінен – 17 және Түркия дан– 11), сондай-ақ 178 көршілес елдердің азаматы бар. Сонымен қатар 105 шетел азаматының (Өзбекстаннан – 66, Тәжікстаннан – 25 және Нигериядан – 8) жеке басын куәландыратын құжаты болмай, қабылдап-таратуға орналастырылды. Сот шешімімен Қазақстаннан 40 шетелдік шығарылды. Оның 22-сі – Өзбекстан азаматы, 11-і – Нигерия азаматы, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетел азаматтарын қабылдаған 54 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.