Беларусь пен Вьетнамда Қазақстанның жаңа елшілері тағайындалды

Дәурен Ерболат

Олар СІМ-де ұзақ жылдар бойы түрлі жауапты қызмет атқарған

Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Қазақстанның Беларусь пен Вьетнамдағы елшілері ауысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Камбоджа корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.