Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді

Динара Амантай

Ол мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады

Фото: t.me/aqorda_resmi

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құрметті қонақты елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.