Бұл ұшақ төрт айдан бері тұрақта тұрған
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға Airbus A330 ұшағымен ұшып барды. Бұған дейін оны Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қолданған болатын, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Журналист Виктор Бурдин Facebook-тегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың ірі ұшақты Тоқаевқа қашан беретінін жалықпай қадағалағанын және ол күннің бүгін туғанын жазды.
«Мен Airbus A330 сәнді ұшағының тағдырын 2007 жылы Гамбург зауытынан алғаш шыққаннан бастап қадағаладым. Жоғары жиынтықтағы жаңа ұшақ, мұнай бағасы күрт өсіп жатқан кезеңде алынды. Сол кезде орташа жиынтықтағы осындай ұшақтың құны шамамен 220 млн доллар тұратын. Ал біздің сарапшылар бұл ұшақты кем дегенде 300 млн долларға бағалаған еді. Тоқаев президент болған кезде, менде осы ұшақ оған қашан беріледі деген сұрақ болды . Бірақ оған тар фюзеляждық Airbus A321 ұшағы берілді. Ал Елбасы А330-да ұшуын жалғастырды», - деп жазды ол.
Виктор Бурдиннің айтуынша, Назарбаев А330 ұшағымен соңғы рет 2021 жылдың 27 желтоқсанында Санкт-Петербургте өткен ТМД саммитіне ұшқан.
Мен Тоқаевтың әрбір шетелге сапарының фотосуреттері мен видеоларын мұқият қарап шықтым. Ол барлық жерде өзінің «А321» ұшағымен ұшатын, - деді ол.