Қазгидромет құрғақшылық болатын өңірлердің тізімін жариялады

Халық үні

Екі өңірде қатты құрғақшылық күтілуде

фото: saryarqanews.kz

«Қазгидромет» 2022 жылдың мамыр айына түзетілген құрғақшылық болжамын жариялады. Мәліметтерге сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде. 

Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтілуде:

Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында;

Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда;

Қызылорда облысы, Арал ауданында;

Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында.

Ал қатты құрғақшылық келесі аудандарда болжануда:

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында;

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.

Қалған жерлерде құрғақшылық нормаға сай болады деп күтілуде:

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында;

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;

Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында;

Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында;

Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында.