«100% қосылады»: қыркүйектен бастап кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды
Құжат жарияланғаннан кейін 10 күннен кейін, яғни 2 қыркүйекте күшіне енеді
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төлеуді көздейтін бұйрыққа қол қойды.
«ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде қосымша ақы төленсін», - делінген министр қол қойған бұйрықта.
Құжат жарияланғаннан кейін 10 күннен кейін, яғни 2 қыркүйекте күшіне енеді.