Қазір ауданда интернет дұрыс ұстап тұрған жоқ
Бизнес-джетте қаза тапқан Евгений Пригожиннің сүйегі Тверь мәйітханасына жеткізілді.
«Московский комсомолец» басылымының хабарлауынша, мәйітхана аумағын әскерилер мен тәртіп сақшылары қоршап тұр. Сондай-ақ ауданда интернет дұрыс ұстап тұрған жоқ.
Пригожиннің ұшағында қаза тапқандардың сүйегі Тверь мәйітханасына жеткізілді. Оны қауіпсіздік күштері – әскерилер, тәртіп сақшылары қоршап тұр. Бұл жерде коммуникация тоқтап қалған, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Тверь жерлеу агенттігі Евгений Пригожиннің денесі Тверь облыстық сот-медициналық сараптама бюросында екенін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, кеше бортында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин мінген ұшақ Ресейдің Тверь облысында апатқа ұшыраған болатын.