Halyq Uni логотип
×

Республикалық маңызы бар жолдарға электронды табло орнатылып жатыр

Осы арқылы жол қаіпсіздігі қамтамасыз етіледі

 Динара Амантай 24.08.2023 | 14:47
Республикалық маңызы бар жолдарға электронды табло орнатылып жатыр
Фото: «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық маңыздағы күре жолдарға электронды табло орнатылып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, электронды таблодан жолдың жай-күйі туралы ақпарат шығып тұрады. Сонымен қатар бұл интеллектуалды жүйе ауа-райының өзгеруі және тиісті жылдамдықты сақтау қажеттігі туралы ескертіп тұрады.

Еліміздің республикалық маңызы бар 6 күре жолында («Астана – Павлодар»; «Қонаев – Талдықорған»; «Тараз – Қайнар»; «Шымкент – Қызылорда»; «Шымкент – Тараз»; «Шымкент – Өзбекстан шекарасы») 14 электронды табло орнатылмақ, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама