Онда ол Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу мақсатында Цахкадзор қаласына (Армения) барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтіледі.
Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.