Тоқаев Зеленскийді құттықтады
Ол Украинаға арнайы жеделхат жолдады
Тоқаев Зеленскийді құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, – делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы украин халқын бүгінгі Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Айта кетсек, Украинаның Тәуелсіздік күні – мемлекеттік мереке, Украинаның 1991 жылғы Тәуелсіздік декларациясының бекітілуімен байланысты 24 тамызда тойланады.