Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында 11 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес

Тапсырыс берушілерге және тиісті қызметтерге хат жолданды

 Динара Амантай 24.08.2023 | 13:46
Алматы облысында 11 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес
Фото: СЖҚА Алматы облысы бойынша департаменті

Алматы облысында 11 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, биыл өңірде 11 мектеп пен 1 балабақшада күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қалғаны келесі жылы ғана пайдалануға беріледі.

Еріктілер күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептерге барып, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізді.

Мысалға, Талғар ауданының Белбұлақ ауылында күрделі жөндеу жүріп жатқан мектепnе 600-ге тарта бала оқып келген. Құрылысы жоспар бойынша келесі жылдың наурызында бітуге тиіс. Бірақ мердігерлер осы жылдың соңына дейін аяқтап береміз деп отыр. Оған дейін балалар осы елді мекендегі ескі мектепте оқиды, – делінген Антикор хабарламасында.

Мониторинг қорытындысы бойынша тапсырыс берушілерге және тиісті қызметтерге хат жолданды.

Айта кету керек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында кез келген азамат ерікті атанып, жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізе алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама