Halyq Uni логотип
×

Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия: 200-ден астам астаналық педагог шетелде тағылымдамадан өтті

Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында да жалғасады

 Халық үні 24.11.2023 | 09:47
Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия: 200-ден астам астаналық педагог шетелде тағылымдамадан өтті
фото: gov.kz

Астана қаласының Білім басқармасы елордалық ұстаздардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Педагогтердің шығармашылық әлеуетін, олардың кәсіби деңгейі мен құзыреттерін дамыту үшін жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрларды даярлау ғана емес, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған педагогтардың кәсіби өсуі де маңызды.

Тек қаңтар мен тамыз аралығында 3 754 педагог пен 42 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«Мың көшбасшы» республикалық кадр резервіне елорданың 20 мектеп директорының орынбасары еніп отыр. Сонымен қатар өткен оқу жылында 30 мектеп директорының орынбасары қатарынан кадрлық резерв қалыптастырылып, олар қазан, қараша айларында MBI бағдарламасы бойынша оқытылады.

Жыл бойы елорданың 200-ден астам мектеп басшысы мен педагогтері Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия мемлекеттерінің оқу орындарында халықаралық тәжірибе алмасып, тиімді әрі қолайлы компоненттерді мектептердің оқу-тәрбие процесімен сабақтастыру мақсатында тағылымдамадан өтті. Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында да жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама