Жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі
25-26 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.