Росавиация Тверь облысында ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімін жариялады
Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған
Росавиация Тверь облысының маңында құлаған Embraer ұшағының бортында Евгений Пригожиннің барын растады. Бұл туралы ұйымның ресми Telegram арнасында хабарланды.
Еске сала кетейік, 23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жеке меншік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де бар.
Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Росавиация ұшақта қаза тапқандар тізімін жариялады.
Олар жеті жолаушы:
- Евгений Пригожин
- Дмитрий Уткин
- Сергей Пропустин
- Евгений Макарян
- Александр Тотмин
- Валерий Чекалов
- Николай Матюсеев
Үш экипаж мүшесі:
- Алексей Левшин
- Рустам Каримов
- Кристина Распопова
Аталған жағдайға байланысты Ресей федерациясы Қылмыстық кодексінің 263-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.