Евгений Пригожин ұшақ апатынан қаза тапты (ВИДЕО)

Халық үні

Ұшақта он адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болған

фото: ашық дереккөзден

Тверь облысында бортында он адамы бар жекеменшік Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады Halyq Uni. 

Әуе көлігі федералдық агенттігінің мәліметінше, ұшақтың жолаушылар тізімінде «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинде бар.

Ұшақта он адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың барлығы қаза тапты, - деп атап өтті департамент.

Ұшақ Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшып бара жатқаны нақтыланды. Құлау Куженкино ауылының маңында болды. Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.