Таразда жалаңаш ер адамның соңынан жүгірген полицейлер видеоға түсіп қалды
Азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды
Желіде Тараз көшелерінде жалаңаш күйде жүгіріп бара жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видеодан оның артынан полицейлердің қуып келе жатқанын көруге болады. Бейнежазбаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды nur.kz.
«Таразда бүгін +35 градус ыстық», - делінген желіде тараған видео сипаттамасында.
Жарияланған видеодан жалаңаш ер адамның жолдың қақ ортасында жүгіріп бара жатқанын, ал соңынан екі полиция қызметкерінің қуып келе жатқанын байқауға болады.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт бүгін емес, екі ай бұрын болған.
«Азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарда етті ведомстводан.