×

Азия ойындары: Ел намысын қорғайтын боксшы қыздар белгілі болды

Ел намысын әйелдер арасында алты боксшы қорғамақ

 Халық үні 23.08.2023 | 19:53
фото: ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын бұрымды боксшыларымыздың есімі белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Федерация мәліметінше, Сарықұрлық додасында ел намысын әйелдер арасында алты боксшы қорғамақ.

Атап айтсақ, ұлттық құрама сапында жарысқа Назым Қызайбай (51 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 кг) қатысады.

Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая көтеріп шығады.

Азия ойындарында 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама