Алматыда өрт сөндірушілер цехтегі үлкен жарылыстың алдын алды
Өрттің себебі анықталып жатыр
Алматыда өрт сөндірушілер цехтегі үлкен жарылыстың алды алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамызда таңғы сағат 07:13-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Іле трактісі, 15 мекенжайы бойынша жіберілген.
Алғашқы бөлімшелер 7 минутта барған сәтте автошиналарды қайта өңдеу цехының ғимаратын қатты түтін басып, 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан пайдаланылған доңғалақтарды қайта өңдеу қалдықтарының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Көршілес тұрған оттегі станциясы бар ғимаратқа өрттің таралу қаупі туындады. Жанып тұрған қараңғы қоймадан өрт сөндірушілер кез келген минутта жарылуы мүмкін болған жалпы көлемі 100 литр болатын екі оттегі баллонын алып шықты, – делінген хабарламада.
Өрт сағат 08:07-де оқшауланып, сағат 08:25-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қабылданған шаралардың арқасында цехтағы жабдықтар, «TGB GROUP» ЖШС ғимараты оттан қорғалып, өрттің жаңа автошиналарға таралуына жол берілмеді.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Қазір су төгу және үйінділерді жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.