Сырдария өзеніндегі жантүршігерлік жағдай: мәйіті табылған 8 баланың ең кішісі 4 жаста болған
12 жасар ұл бала мен 10 жасар қыздың денесі әлі табылған жоқ.
Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен екі баланың мәйіті әлі іздестіріліп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 12 жасар ұл бала мен 10 жасар қыздың денесі әлі табылған жоқ.
Ведомство Түркістан облысында суға кеткендердің жасы туралы мәлімет таратты:
1. 1983 жылы туған әйел
2. 2006 жылы туған қыз бала
3. 2004 жылы туған бойжеткен
4. 2019 жылы туған қыз бала
5. 2015 жылы туған қыз бала
6. 2017 жылы туған қыз бала
7. 2006 жылы туған ұл бала
8. 2009 жылы туған ұл бала
9. 1998 жылы туған әйел.
Табылмаған:
10. 2011 жылы туған ұл бала
11. 2013 жылы туған қыз бала.
Еске салайық, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды.
Суға кеткендердің бәрі - ағайынды төрт отбасының мүшелері, олар тыйым салынған жерде шомылған.