Жауапсыз ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін
Алимент төлемей жүрген 1500 адамға Қазақстаннан шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Биыл 6 айда Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін 263 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ІІМ-ге қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 ұсыныс жіберілді, ал 2 іс бойынша сот айыптау үкімін шығарды. 1500 борышкерге Қазақстаннан шығуға уақытша тыйым салынды», - деді Бекболат Молдабеков Арал ауданының тұрғындарымен онлайн-кездесуде.
Оның айтуынша, Қызылорда облысында алимент бойынша 14 мыңнан аса іс бар.