Halyq Uni логотип
×

Алимент төлемей жүрген 1500 қазақстандық елден шыға алмайды

Жауапсыз ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 18:18
Алимент төлемей жүрген 1500 қазақстандық елден шыға алмайды
Фото: zagran-info.ru

Алимент төлемей жүрген 1500 адамға Қазақстаннан шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Биыл 6 айда Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін 263 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ІІМ-ге қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 ұсыныс жіберілді, ал 2 іс бойынша сот айыптау үкімін шығарды. 1500 борышкерге Қазақстаннан шығуға уақытша тыйым салынды», - деді Бекболат Молдабеков Арал ауданының тұрғындарымен онлайн-кездесуде.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында алимент бойынша 14 мыңнан аса іс бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама