Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Вьетнам ақша аударымы жүйесін жетілдіреді

Шетелдік компанияның үздік тәжірибесі ескеріледі

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 16:38
Қазақстан мен Вьетнам ақша аударымы жүйесін жетілдіреді
Фото: «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі

«Қазпошта» АҚ пен Vietnam Post корпорациясы арасында электрондық коммерция мен пошта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы негізгі меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Келісім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында жасалды.  

Қос тарап арасындағы меморандум электрондық коммерцияны дамытуды, тарифтік саясатты оңтайландыруды, ақша аударымы жүйесін жаңғыртуды, жеткізу маршруттарын оңтайландыруды көздейді.

Құжат 2 пошта операторы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтады.

Vietnam Post-пен серіктестік тәжірибе алмасуға, үздік дағдыларды алуға, сондай-ақ тұтынушылар үшін қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп сенеміз, - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама