Атырау облысының Исатай ауданында 11 адам жоғалып кетті
Төтенше жағдайлар департаменті іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Ел аман, жұрт тынышта Атырау облысының Исатай ауданында 11 адам жоғалып кетті. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» техникасы жұмылдырылды. Іздестіру іс-шарасына Исатай аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері шықты.
«Бүгін, 9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адамды іздестіру қайта жалғасты. «УАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы 8 мамыр күні сағат 14:00-де «Ақмандай» учаскесіне бару үшін жолға шыққан. Бұл учаске аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықта орналасқан. Алайда, жолға шыққан адамдар осы уақытқа дейін Аққыстау ауылына оралмағаны анықталды», - делінген хабарламада.