«Украинада екі Жеңіс күні болады» - Зеленский

Халық үні

Біз талай соғысты бастан кештік. Бірақ бәрінің соңы біреу ғана болды. Біздің жерімізге оқ пен снаряд жаудырған жаудың біреуі де мұнда тамырын жайып қала алмады. Біздің азаттық сүйгіш рухымызды шынжырлап тастайтын кісен жоқ

фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада өз елінде екі  Жеңіс күні болатынын мәлімдеді. Ол бейнежазбада халықты Нацизмді жеңген күн ретінде 9 мамырмен құттықтап, осындай пікір білдірді.

«Жақын арада Украинада екі Жеңіс күні болады. Ал әлдекімдерде мұның біреуі де болмайды. Біз сонда жеңгенбіз. Қазір де жеңеміз. Крещатик (Киевтің басты көшесі, - ред.) те Жеңіс күнін көреді. Крещатик жеңіс парадын – Украинаның жеңісін көретін болады! Бұл соғыс екі армия арасындағы ғана шайқас емес. Бұл – екі көзқарас арасындағы соғыс.

Біз өз балаларымыздың бостандығы үшін соғысып жатырмыз. Демек, біз жеңеміз. Біз сегіз миллионнан астам украиналық қаза тапқан Екінші дүниежүзілік соғыста өз бабаларымыздың не істегенін ешқашан ұмытпаймыз», – деді Владимир Зеленский халыққа бейнеүндеуінде.

Сонымен бірге ол Екінші дүниежүзілік соғыста антигитлерлік коалиция құрамында соғысқан Украинаға ешкім де ештеңені аннексия жасай алмайтынын атап өтті.

24 ақпанда Ресей шабуылын бастады. Біз талай соғысты бастан кештік. Бірақ бәрінің соңы біреу ғана болды. Біздің жерімізге оқ пен снаряд жаудырған жаудың біреуі де мұнда тамырын жайып қала алмады. Біздің азаттық сүйгіш рухымызды шынжырлап тастайтын кісен жоқ, – деді Зеленский одан әрі.

Ал Владимир Путин Мәскеуде өткен Жеңіс парадында Ресейдің НАТО мен Украина тарапынан болатын шабуылды алдын алу үшін «арнайы операцияны» бастағанын мәлімдеді. Бірақ соғысқа мобилизация жариялаған жоқ.