×

Биыл қазақстандықтар нансыз қалмайды – премьер-министр

Ал су тапшығылы өзекті болып тұр

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 10:57
фото: Halyq Uni

2023 жылы Қазақстан тұрғындары нансыз қалмайды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, егінді уақытында және сапалы жинап алу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттердің бірі. 

Бірқатар өңірде  егін орағы басталып кетті. Үкімет тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажет шара қабылданды, - деді премьер-министр Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ Әлихан Смайылов биылғы жаз жылдағыдан ыстық болғанын да еске салып өтті.

Құрғақшылықтан бірқатар өңір зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою үшін шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. 
«Бәйтерек» холдингі құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиелері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзарту және оны қайта құрылымдау мәселесін пысықтауы қажет. Жалпы жағдай бақылауда. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды, - деді Үкімет басшысы.

Одан бөлек, премьер-министр климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналғанын ашық айтты. Сондықтан Су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша Жол картасын әзірлеу қажет. Өңірлер су үнемдеу технологияларын белсенді түрде енгізуге тиіс», - деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама