Halyq Uni логотип
×

Егінді уақытында жинау үшін фермерлерге 140 млрд теңге бөлінді

Тиісті қаржыны 3,8 мың шаруа алған

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 10:37
Егінді уақытында жинау үшін фермерлерге 140 млрд теңге бөлінді
Фото: pm.kz

Бүгінде көктемгі егіске және егінді уақытында жинау үшін шаруаларға 140 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Өткен жылдағыдай «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы – 140 млрд теңге. 3,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды», - деді Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша азық-түлік корпорациясының ресурстарына астық жеткізудің қажетті көлеміне келісімшарт жасалған.

Ол үшін 81,2 млрд теңге, оның ішінде форвардтық сатып алу шеңберінде 21,2 млрд теңге, тауарлық кредит арқылы 60 млрд теңге бөлінді. Қазіргі бірінші міндет – егінді шығынсыз жинау. Мұнда «Қазгидромет» болжамын ескеру керек, - деді министр.

АШМ мәліметінше, биыл егінді жинау үшін Қазақстанда 149,9 мың трактор, 38,6 мың астық жинайтын комбайн, 13,5 мың орақ бар.

Бұған дейін министр барлық өңірде егін жинау басталғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама