3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасуда
Бүгін Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Суық хабарды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жеткізді.
Оның айтуынша, Шомылуға келген 21 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала болса, 6-ауы – ересек.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, оқиға орнына Отырар ауданының әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы және еріктілер жолданды. Бірден іздестіру шараларына кіріскенмен, жайсыз хабарды естідік. Өкінішке қарай, 8 адам табылып, судан қайтыс болған күйінде шығарылды. Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды, – деді әкімнің орынбасары.
Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында.