×

Жеңіс күні қарсаңында «Талибан» Тәжікстанды атқылады

Осының кесірінен төрт снаряд Пяндж өзеніне, тағы үшеуі жақын маңдағы орман белдеуіне құлаған

 Халық үні 09.05.2022 | 15:48
фото: ашық дереккөз

Тәжікстанның құқық қорғау органдары былтыр Ауғанстанның билігін басып алған «Талибан» қозғалысы содырларының (Қазақстанда тыйым салынған, - ескерту)  Тахор провинциясы аумағынан жеті зымыран атқылағанын хабарлады.

Radiol Ozodli агенттігінің мәліметіне қарағанда, Ауғанстанның Тахор провинциясының Ходжа гор учаскесінде «Талибан» мен ДАИШ содырлары (Бұл ұйым да Қазақстанда тыйым салынған, - ескерту) арасында бір жарым сағатқа созылған қақтығыс болған. Осының кесірінен төрт снаряд Пяндж өзеніне, тағы үшеуі жақын маңдағы орман белдеуіне құлаған. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, қақтығыс тәжік елінің мемлекеттік шекарасына жақын жерде болғандықтан зымырандар кездейсоқ түскен. Адам өлімі мен материалдық залал тіркелген жоқ. Осыған байланысты Шекара әскерлерінің бөлімшелері толық жауынгерлік әзірлікке дайын болып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама