Тиісті сараптамалар тағайындалды
Қызылорда облысында «Ақшабұлақ» кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше түнгі сағат 02:20 шамасында «Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт болған. Салдарынан 1 адам оқиға орнында қаза тауып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлары анықталуда, – делінген хабарламада.