1 адам қаза тапты: «Ақшабұлақ» кен орнындағы өртке байланысты тергеу жүргізіліп жатыр
Тиісті сараптамалар тағайындалды
Қызылорда облысында «Ақшабұлақ» кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше түнгі сағат 02:20 шамасында «Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт болған. Салдарынан 1 адам оқиға орнында қаза тауып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлары анықталуда, – делінген хабарламада.