Олар студенттердің тұруына жағдай жасамаған
7 өңірдегі жоғары оқу орындары мен коллеждерге тиесілі жатақханалардың сапасы сын көтермейді. Бұл туралы AMANAT партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, партия 11 өңірдегі 237 жатақхананы тексерген.
Университтерге тоқталайын. Біз тексерген 70 жатақхананың жағдайын жақсы деп айтуға болады. 39-ның жағдайы орташа, 2 жатақханада құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Коллеждерге тоқталайын. Жалпы 126 жатақхананың 75-інің жағдайы жақсы, 36-сының жағдайы орташа, 13-інің жағдайы нашар, 2 жатақханада тұру мүмкін емес, - деді төраға.
Мониторинг барысында 11 жатақханада санитарлық және қауіпсіздік нормаларының сақталмағаны, су крандарының жұмыс істемейтіні, оқу залдарының тиісті мақсатта пайдаланылмайтыны, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған орындардың болмайтыны анықталған.
Нұржан Жетпісбаев әбден тозған жатақханалардың барын ашық айтты.
Кеңес үкіметі кезінде салынған жатақханалар қайта жөндеуді талап етеді. Тіпті, кейбірінің тұруға мүлде қолайсыз екені анықталды. Кейбір өңірлерде біз 1930 жылы салынған жатақханаларды да көрдік. Мысалы, өңірдегі ірі жоғару оқу орындарында осындай жағдай кездесетіні өкінішті, - деді ол.
Төраға жатақханасы сын көтермейтін университтер мен коллеждерге тоқталды.
Ұлытау облысы:
Қызылорда қаласы:
Қарағанды облысы:
Павлодар облысы:
Солтүстік Қазақстан облысы:
Абай облысы:
Алматы облысы:
Мұндағы жағдай (жатақханалардың) орташадан төмен. Бұл бағытта тыңғылықты жұмыс істеу керек, - деді Нұржан Жетпісбаев.
Оның айтуынша, бүгіннен бастап Астанада барлық жоғары оқу орны мен орта арнайы оқу орындарындағы жатақханалар тексеріле бастайды. Жалпы, Қазақстан бойынша тағы 426 жатақхана тексеріледі.