Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметке кір келтiрген басшылық жазаланды

Прокуратура Ақтөбе облысының әкіміне ұсыныс жолдады

 Динара Амантай 21.08.2023 | 15:37
Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметке кір келтiрген басшылық жазаланды
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылығы мемлекеттік қызметке кір келтiргені үшін жазаланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе көлік прокуратурасы Ақтөбе қаласы халықаралық әуежайы үшін 972 млн теңгеге реактивті жанармайды мемлекеттік сатып алуда жеңімпазды анықтау кезінде заңсыз артықшылық көрсетілгенін анықтады.

Аталған тендер бойынша конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы – Мемлекеттік сатып алу басқармасы мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы түріндегі негізгі талаптардың бірін бекіткен. Аталған негізгі құжат бойынша комиссия мүшелері осындай қызметпен айналысу үшін Энергетика министрлігінің «рұқсаты» бар әлеуетті өнім берушілерді айқындауға тиіс болған. Оған қарамастан, конкурстық комиссия тиісті рұқсаты болмаған қатысушының өтінімін жеңімпаз деп таныды, – делінген хабарламада.

Бұл әрекеттерде прокуратура шешім қабылдау кезінде құқыққа қайшы артықшылық беру белгілерін анықтап, Ақтөбе облысы әкіміне ұсыныс жолдады. Жиналған материалдар өңірлік Әдеп жөніндегі кеңес алаңында алқалы түрде қаралып, комиссия мүшелерінің мұндай қадамы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық деп танылды.

Нәтижесінде, облыс әкімінің 2023 жылғы 10 тамыздағы өкімімен мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылығына және комиссияның басқа да мүшелеріне «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жаза қолданылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама