Halyq Uni логотип
×

Президенттің Вьетнамға ресми сапары аясында маңызды құжаттарға қол қойылды

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту қолға алынды 

 Динара Амантай 21.08.2023 | 12:31
Президенттің Вьетнамға ресми сапары аясында маңызды құжаттарға қол қойылды
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. «Қазпошта» АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. «ҚазМұнайГаз» ҰK» АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

9. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

12. «Хабар» Агенттігі» АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Вьетнам президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізгенін хабарлаған болатынбыз. Оның барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама