Қазір «мен қарсымын» деген санаттағы азаматтардың саны көбейіп, 9 мамырдағы сағат 13.00-дегі жағдай бойынша 8539 адамға жеткен. Ал петицияны қолдап 503 адам дауыс берген
Қазақстан Конституциясында орыс тілін мемлекеттік тілмен қатар қолдануды талап еткен петиция шықты.
Петиция 8 мамыр күні сағат кешкі 22.00-де жарияланды.
«Петиция! Қазақстанның Конституциясында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілінің мәртебесін қалдыруды талап етеміз!» — деп Алекса Княжнева есімді азамат хат жазып, петиция жариялады.
Ол Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, орыс тілі мемлекеттік мекемелер мен жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен тең қолданылатынын, елімізде орыс тілінің Конституция бойынша ресми тіл болып саналатынын айтып, республикада тұратын этностардың ана тілі мен екінші тілі болып отырғанын жазған.
Алайда петицияға қарсы қол қойған азаматтар орыс тілінің Конституция бойынша ресми тіл болып саналатынын қате екеніне пікір қалдырып, қарсы дауыс беріп жатыр.
Қазір «мен қарсымын» деген санаттағы азаматтардың саны көбейіп, 9 мамырдағы сағат 13.00-дегі жағдай бойынша 8539 адамға жеткен. Ал петицияны қолдап 503 адам дауыс берген.
Петиция қарсы дауыс беру үшін «Я против петиции» деген батырманы басу керек.