Бір орыс әскери қызметкері әйеліне телефонмен хабарласқанда, «бос уақыттарында» арақты өкіртіп ішіп, бір-бірімен атысып қалғанын айтып қалған
Ресей әскері Украинаның Херсон облысында жаппай ішімдікке салынып, бір-бірімен атысып жатыр.
«Украинская правда» газетінде шыққан дерекке қарағанда, Украина Қарулы күштерінің Бас штабы ресейлік солдаттардың Херсон облысында рэкетпен айналысып, қолдары тигенде арақ ішіп, удай мас болып, бірімен-бірі атысып, кей жерде пышақтасып қалып жатқанын хабарлаған.
Штаб қызметкерлері мұны ресейлік әскерилердің бір-бірімен телефонмен сөйлескен сөздерінен анықтаған.
Бір орыс әскери қызметкері әйеліне телефонмен хабарласқанда, «бос уақыттарында» арақты өкіртіп ішіп, бір-бірімен атысып қалғанын айтып қалған.
Ал әйелінің үйге қашан қайтатыны туралы сұрағанда солдат «9 мамырда» деп жауап берген. Бірақ 2022 жылғы емес, 2023 жылғы деп нақтылаған.