Halyq Uni логотип
×

Жеңіс күні Ресей әскері мас болып, бір-бірімен атысып жатыр

Бір орыс әскери қызметкері әйеліне телефонмен хабарласқанда, «бос уақыттарында» арақты өкіртіп ішіп, бір-бірімен атысып қалғанын айтып қалған

 Халық үні 09.05.2022 | 11:43
Жеңіс күні Ресей әскері мас болып, бір-бірімен атысып жатыр
фото: ашық дереккөз

Ресей әскері Украинаның Херсон облысында жаппай ішімдікке салынып, бір-бірімен атысып жатыр.

«Украинская правда» газетінде шыққан дерекке қарағанда, Украина Қарулы күштерінің Бас штабы ресейлік солдаттардың Херсон облысында рэкетпен айналысып, қолдары тигенде арақ ішіп, удай мас болып, бірімен-бірі атысып, кей жерде пышақтасып қалып жатқанын хабарлаған.

Штаб қызметкерлері мұны ресейлік әскерилердің бір-бірімен телефонмен сөйлескен сөздерінен анықтаған.

Бір орыс әскери қызметкері әйеліне телефонмен хабарласқанда, «бос уақыттарында» арақты өкіртіп ішіп, бір-бірімен атысып қалғанын айтып қалған.

Ал әйелінің үйге қашан қайтатыны туралы сұрағанда солдат «9 мамырда» деп жауап берген. Бірақ 2022 жылғы емес, 2023 жылғы деп нақтылаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама