Елімізде бала күтіміне берілетін жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзартылды

Халық үні

7 айда 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды

фото: kapital.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.