Қазақстан аумағында 4,3 балдық жер сілкінісі болды
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 20 тамыз сағат 21:22-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 256 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Сондай-ақ Қазақстан сейсмологтары сағат 21:28-де Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 372 км қашықтықта, Қытай аумағында болған жерасты тербелісін тіркеді. Энергетикалық санаты – 11.4. MPV магнитудасы - 5.2. Тереңдігі – 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәлімет түспеген.