Қазақстанның 8 облысында 39 градусқа дейін ыстық болады

Халық үні

Күндіз Атырау, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39°С қатты ыстық күтіледі

Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 21 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

 Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. Еліміздің орталығында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Республика бойынша екпінді жел болады.

Күндіз Атырау, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39°С қатты ыстық күтіледі.

 Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысында, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.