Halyq Uni логотип
×

Өскеменде 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Құтқарушылар 19 жастағы жігітті жағалауға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

 Халық үні 20.08.2023 | 19:39
Өскеменде 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті
Фото: видеодан алынды

Өскемен қаласында ер адам көпірден секіріп кетті, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға 20 тамызда Өскемен қаласында болған. Құтқарушыларға ер адамның Ертіс өзеніндегі көпірден секірейін деп тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл келіп жетті.

«Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлерінің суицид жасамақ болған адамды сөзге тартып, райынан қайтармақшы болып тұрғанын көрді. Кенеттен ол суға секіріп кеткен», - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері лезде жүзіп барып, суға құтқару шеңберін лақтырды. Алайда жігіт оған қарамады. Сол кезде олар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты.

Көп ұзамай құтқарушылар 19 жастағы жігітті жағалауға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама