Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында электр энергиясына барлық шектеу алынып тасталды

МАЭК қызметкерлері төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек еткен

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2023 | 13:40
Маңғыстау облысында электр энергиясына барлық шектеу алынып тасталды
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы (МАЭК) ЖЭС №3 энергоблогында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді. Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз, тәулік бойы жүргізілді, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, энергоблок кеше, яғни 19 тамызда іске қосылған. МАЭК қызметкерлері төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті.

Бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, электр энергиясын берудегі барлық шектеу (мұнай және өнеркәсіп секторын қоса алғанда) алынып тасталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама