Тағы екі жігіт (біреуі 47 жаста) жараланды
Кеше кешке Қызылорда облысының Титов ауылында атыс болды. Соның салдарынан 26-29 жас аралығындағы 3 адам көз жұмған.
Одан бөлек, тағы екі жігіт (біреуі 47 жаста) жараланды. Олардың аяғына оқ тиген.
Оқиғаның видеосы @yyedilov Telegram каналына жарияланды. Кейін жергілікті полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан атыс фактісін растады. Бірақ оқиғаның мән-жайын ашып айтудан бас тартты.
Еске сала кетсек, дәл сол мамырдың 7-не қараған түні Шу қаласында да белгісіз біреулер полиция қызметкерлеріне бағынбай, соның салдарынан көшеде атыс даусы естілген еді. Сонда қаланың вокзал маңы алаңының жанында алдыңғы мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ-21014 маркалы автокөлігі тоқтатылған. Мән-жайды анықтау барысында көлік жүргізушісі мен жолаушысы тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен. Бірақ олардың барлығы оқиға орнында жедел ұсталды.