×

Тағы да атыс: бұл жолы қызылордалық 3 адам мерт болды (видео)

Тағы екі жігіт (біреуі 47 жаста) жараланды

 Еркеғали Болатұлы 08.05.2022 | 15:34
фото: видеодан скриншот

Кеше кешке Қызылорда облысының Титов ауылында атыс болды. Соның салдарынан 26-29 жас аралығындағы 3 адам көз жұмған.

Одан бөлек, тағы екі жігіт (біреуі 47 жаста) жараланды. Олардың аяғына оқ тиген.

Оқиғаның видеосы @yyedilov Telegram каналына жарияланды. Кейін жергілікті полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан атыс фактісін растады. Бірақ оқиғаның мән-жайын ашып айтудан бас тартты.

Еске сала кетсек, дәл сол мамырдың 7-не қараған түні Шу қаласында да белгісіз біреулер полиция қызметкерлеріне бағынбай, соның салдарынан көшеде атыс даусы естілген еді. Сонда қаланың вокзал маңы алаңының жанында алдыңғы мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ-21014 маркалы автокөлігі тоқтатылған. Мән-жайды анықтау барысында көлік жүргізушісі мен жолаушысы тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен. Бірақ олардың барлығы оқиға орнында жедел ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Америкалық ірі компания 1 400 қызметкерін жұмыстан шығарады

McKinsey компаниясында 47 мыңға жуық адам жұмыс істейді
29.03.2023 | 13:38

Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі – ХОК

Мұндай жеңілдік қауіпсіздік қызметімен байланысы бар спортшыларға берілмейді
29.03.2023 | 13:11

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады
29.03.2023 | 12:41

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды
29.03.2023 | 12:22