Қазақстанда туберкулезбен ауыратындардың саны азайып келеді – ДСМ
Ауруды ерте анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады
Елімізде туберкулезбен ауыратын қазақстандықтардың саны азайып жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Соңғы 5 жылда Қазақстандағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, оң динамикаға ие.
Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатры Мәлік Әденовтің айтуынша, биыл бірінші жартыжылдықтың көрсеткіштерін талдау кезінде сырқаттанушылықтың, аурудың таралуы және өлім-жітімнің төмендеуі байқалған. Бұл факті еліміз бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді.
Қазақстанда туберкулезді уақтылы анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және көптеген дәріге көнбейтін туберкулез бен оның (КДК ТБ) болуын анықтауға мүмкіндік беретін ДДСҰ ұсынған заманауи әдістер енгізілді.
Туберкулездің белгілері мен симптомдары бар барлық адам үшін бастапқы диагностикалық сынақ ретінде ДДСҰ молекулалық диагностикалық жедел сынақтарды қолдануды ұсынады. Осы сынақтардың көмегімен 2 сағатта нәтиже алуға және адамның негізгі туберкулезге қарсы препаратқа сезімталдығының бар-жоғын білуге болады.
Бүгінде барлық МСАК ұйымдары, оның ішінде аудандық деңгейдегі ұйымдар туберкулезді және оның тұрақты түрлерін тез диагностикалау үшін жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қазақстанда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштерге ие.
Айта кетейік, туберкулез – ерекше күтімді талап ететін инфекциялық ауру. Елімізде туберкулезді емдеу тегін.