Салаға айрықша мән беріледі
Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Қазақстанда дене шынықтыру мамандарының кәсіби мерекесі – Спорт күні аталып өтеді, деп хабарлады Halyq Uni.
Биыл бұл дата 20 тамызға сәйкес келіп тұр.
Үкіметтің 2023 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен Қазақстанның дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.
Биыл ресми халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды. Оның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша 373 жүлдеге (121 алтын, 111 күміс, 141 қола медаль) қол жеткізілді.